(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАС...

«Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 351 Қаулысы

 

Осы редакция 2016 жылғы 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 17-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

2. «Ақтөбе облысының индустриялық - инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Н.Есқалиевке жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақтөбе облысының әкімі

Б. Сапарбаев

 

Ақтөбе облысының әкімдігінің

2015 жылғы 1 қазандағы

№ 351 қаулысымен

БЕКІТІЛДІ

 

 

«Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы

ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1.Осы «Ақтөбе облысының индустриялық - инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі Ережесін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес әзірленді және «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесін мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайды.

2. «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі филиалдары және өкілдіктері жоқ.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.